Жаңалықтарды Kaspi.kz, Halyk Homebank және Beeline қосымшаларынан Интернетсіз оқуға болады

0
633

Қазіргі таңда кейбір банктердің төлем сервистері де қайта іске қосылды.


Жаңалықтарды Kaspi.kz, Halyk Homebank және Beeline қосымшаларынан Интернетсіз оқуға болады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Kaspi.kz, Halyk Bank және Beeline-мен бірге қосымшалардың басты бетінде «Мемлекеттік жаңалықтар» бөлімін іске қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Соңғы ақпараттарды Интернетке қосылмай-ақ, Kaspi.kz, Halyk Homebank және «Менің Beeline-ым» қосымшаларынан оқуға болады.

Қазіргі таңда кейбір банктердің төлем сервистері қайта іске қосылды.

Сондай-ақ бірқатар ақпараттық ресурстар - tengrinews.kz, inform.kz, baq.kz, 24.kz, stopfake.kz, qazaqstan.tv, zakon.kz, baigenews.kz және т.б., сондай-ақ akorda.kz сайты офлайн тәртіпте жұмыс істеп тұр.