​Жаңаөзен дәрігерлері 12 жасар қыздың ішінен скотч, қалам және шаш алып шықты

0
2 069

Дәрігерлер іш қуысының рентгенін жасап, онда көптеген бөгде заттар бары анықтаған.


​Жаңаөзен дәрігерлері 12 жасар қыздың ішінен скотч, қалам және шаш алып шықты

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 12 жастағы қызға ота жасаған дәрігерлер қыз баланың асқазанынан шаш, қалам және скотч тапқан, деп жазады "Лада" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жаңаөзеннің облыстың ауруханасында психикалық дамуында ауытқушылығы бар 12 жастағы қыз балаға шұғыл ота жасалды.

Қыз бала ауруханаға іш ауруына шағымданып, ауыр халде жеткізілген. Ол бірнеше рет құсыпты.

"Іш қуысының рентгені жасалып, онда көптеген бөгде заттар бары анықталды. Шұғыл ота нәтижесінде қыз баланың ішегінен қалам, скотч және шаш алынды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақ халаттылардың сөзінше, отадан кейінгі кезеңде асқыну болмаған. Баланың жағдайы қанағаттанарлық.