Жаңаөзенде 5 баласы бар ана есірткі сатумен айналысқан

0
1 669

Күдіктіден барлығы 37 қалта есірткі тәркіленді.


Жаңаөзенде 5 баласы бар ана есірткі сатумен айналысқан

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Жаңаөзенде есірткінің ауыр түрлерін сатумен айналысқан көпбалалы ана ұсталды, деп жазады КТК.

Жаңаөзен қаласының тұрғыны «Көктем» ауданында 204 грамм есірткімен қолға түсті. Әйел бір ай бойы бақылауда болған. Ол есірткіні үйінде сақтаған. Тінту кезінде полицейлер оның аяқ киімінің ішінен жасырылған героин затын тапты.

Әйелге он жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Күдіктіден барлығы 37 қалта есірткі тәркіленді. Іс сотқа жіберілді.