​Жаңаөзенде автоцистерна өртеніп, ер адам мерт болды

0
1 411

Денесі аздап күйіп қалған әйел Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді.


​Жаңаөзенде автоцистерна өртеніп, ер адам мерт болды

ERNUR.KZ. Жаңаөзенде «КазГПЗ» зауытында газ толтырылған автоцистерна өртеніп, оқиға орнында бір адам мерт болды. Жеңіл жарақат алған тағы бір адам Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді, деп жазады ҚазАқпарат «Ладаға» сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі төтенше жағдай болған жерде 5 қазанда ер адам мерт болып, әйел адамның зардап шеккенін хабарлады.

«Денесі аздап күйіп қалған әйел Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді. Оған медициналық көмек көрсетілген соң үйіне қайтарылды», - делінген ведомствоның хабарламасында.