Жаңаөзенде газ өңдеу зауытының директоры ұсталғаны хабарланды

0
445

Қаржы мониторингі агенттігі бағаны негізсіз көтеру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.


Жаңаөзенде газ өңдеу зауытының директоры ұсталғаны хабарланды

ERNUR.KZ Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының бас директоры мен сұйытылған газ сататын электрон сауда алаңының басшысы ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Телеарна мәліметінше, Қаржы мониторингі агенттігі бағаны негізсіз көтеру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Қазақ газ өңдеу зауыты бүкіл Маңғыстау облысы және елдің басым бөлігін сұйытылған газбен қамтамасыз етеді. Президент маусымда ғана көгілдір отынды тұтыну кейінгі үш жылда екі есе өскенін, ал бұл зауыт қондырғылары 90 пайыз ескіргенін атап өткен еді.