Жаңаөзенде Toyota Camry көлігінен мәйіт табылды: оқиғаның мән-жайы

0
883

Ішінде мәйіті бар көлік ғимарат маңында бірнеше күн бойы тұрған.


Жаңаөзенде Toyota Camry көлігінен мәйіт табылды: оқиғаның мән-жайы

ERNUR.KZ. Жаңаөзенде көліктен адам мәйіті табылды. Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, деп жазады sputniknews.kz.

Белгісіз ер адамның мәйіті 4 қаңтар күні сағат 10:00 шамасында табылды.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметіне сәйкес, Мұнайлы ауданының 44 жастағы тұрғынының мәйітін "Жаңаөзен" ойын-сауық орталығының күзетшілері Toyota Camry көлігінен тапқан.

Олардың айтуынша, көлік ғимарат маңында бірнеше күн бойы тұрыпты.

Бұл оқиға Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі бірыңғай тізіміне енгізілді. Қылмыстық кодекстің "адам өлімі" бабына сәйкес қарастырылып жатыр.

"Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.