Жаңаөзендегі жол апатынан 2 адам зардап шекті (ВИДЕО)

0
1 132

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қос көліктің жүргізушілері зардап шеккен.


Жаңаөзендегі жол апатынан 2 адам зардап шекті (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында Hyundai және BMW маркалы көліктердің бетпе-бет соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалған. Оқиға 11 мамырда сағат 12:40-та болған. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті, деп жазады sn.kz.

Бейнежазбада Hyundai автокөлігінің жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, BMW автомобилімен бетпе-бет соқтығысқаны түсірілген.


Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушілері зардап шегіп,Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, қос жүргізуші үйлеріне жіберілген.