​Жанармай бекетінен ақша ұрлап кеткендер іздестіріліп жатыр (видео)

0
1 445

Астанада Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан жанармай құю бекеттерінің бірінде болған ұрлық ашылды.


​Жанармай бекетінен ақша ұрлап кеткендер іздестіріліп жатыр (видео)

ERNUR.KZ.Астанада Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан жанармай құю бекеттерінің бірінде болған ұрлық ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"26 шілдеде сағат 06.00 шамасында Астананың жанармай құю бекеттерінің бірінде ұрлық жасалды. Ашық тұрған жанармай бекетінің төлем жасау терезесіне ұрлықшылар кіріп, тыныш қана кассадан ақша ұрлап кеткен. Полиция күдіктінің біреуін ұстады, ал екіншісі кім екені анықталды", - делінген хабарламада.



Екінші күдіктіні ұстау үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатыр.
Полиция көрсетілген адам туралы қандай да бір ақпарат болса тұрғындардан Ақбұғы, 2 мекенжайында орналасқан Сарыарқа аудандық Ішкі істер басқармасына немесе + 7 (7172) 38-28-08 және 102 телефоны бойынша хабарлауды сұрайды.