Жанашырлық танытамыз: Бұрынғы денсаулық министрі Алексей Цой Біртановтың сотталуына қатысты пікірін айтты

0
346

Цой әріптесіне өзінің жанаршылығын білдірген.


Жанашырлық танытамыз: Бұрынғы денсаулық министрі Алексей Цой Біртановтың сотталуына қатысты пікірін айтты

ERNUR.KZ. Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі, қазіргі ҚР президент Әкімшілігі Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой бұрынғы әріптесі Біртановтың сотталуына қатысты пікірін білдірді, деп жазады stan.kz.

Цой әріптесіне өзінің жанаршылығын білдірген.

"Білесіз бе, Қазақстанда сот билігінің болуы өте маңызды және біз судья этикасы мәселелеріне қарсы дау айта алмаймыз. Бірақ біз үшін егер бұл медицина қызметкерлеріне қатысты болса, ең ауыр сұраққа айналады. Денсаулық сақтау жүйесінде дәрігерлер жетіспесе, бұл біз үшін үлкен шығын. Сондықтан, біз әрқашан әріптестерімізге қалай болғанда да жанашырлық танытамыз", - деген Цой.

Еске салайық, сот процестеріне Цойдың өзі де қатысқан. Ол айыптаушы тараптың куәгері болып, Біртановтың 2017 жылғы қызметі туралы куәлік берген.

2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мен хорватиялық Ericsson Nikola Tesla компаниясы арасында бір жыл ішінде денсаулық сақтауды интеграциялау платформасын жеткізуге 17,8 миллион долларға келісім-шартқа қол қойылады. Алайда кәсіпорын жұмысты мерзімінде, яғни 2017 жылы аяқтай алмайды. Осы себепті жобаны аяқтау үшін 2018 жылы жеке келісімшарт жасалады.

Прокурорлар Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті ақпараттандыру платформасының жұмыс істемейтінін және денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің өзара әрекеттесуін жасырды деп айыптап, билігін асыра пайдаланды деген айып таққан. Айыптаушы тараптың айтуынша, қазір құруға мемлекет 17,8 миллион доллар жұмсаған платформа жұмыс істемейді, оның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциясы жүзеге асырылмаған.

2022 жылғы 28 қазанда Елжан Біртанов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі, 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Нәтижесінде сот Біртановты бес жылға, Әбішевті төрт жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Қараша айында Біртановтың адвокаттары аппеляциялық шағым түсірген. Олар үкіммен келіспейтіндерін білдірген.