Жаңбыр мен бұршақ: Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

0
844

Синоптиктер болжамынша, еліміздің барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.


Жаңбыр мен бұршақ: Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" синоптиктері алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz

Синоптиктер болжамынша, еліміздің барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Қысқа мерзімді жаңбыр жауады, 20 маусым күні оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Күн күркірейді, бұршақ жауады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

"Қазақстанның батысында түнде 12-23, күндіз 23-36 жылы, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде 10-23, күндіз 23-33 жылы, солтүстігінде түнде 10-21, күндіз 25-32 жылы, оңтүстігінде 15-20, күндіз 25-30 жылы, шығысында ауа температурасы түнде 5-17 градус, күндіз 23-28 градус жылы, еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасының негізгі аясы түнде 15-25, күндіз 34-39-дан төмен болады деген болжам бар. Республиканың таулы аудандарында 29-дан 28-35-ке дейін жылы, оңтүстік-шығысында ауа түнде 17-25 дейін жылы болады, таулы аудандарында күндіз 28-37 дейін жылы, сондай-ақ республиканың орталығында түнде 8-12 градус жылы болады", - делінген хабарламада.