Жаңбыр жауып, үсік жүреді: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

0
450

Кей аймақтарында желдің күшеюі, найзағайдың жарқылдауы, бұршақ түсуі мүмкін.


Жаңбыр жауып, үсік жүреді: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" орталығы мамандары 13-15 мамырға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен 13 мамырда еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауады.
14 мамырдан бастап республикамыздың көп бөлігінде Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен жауын-шашын күрт тыйылады, тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жауын-шашынды ауа-райы сақталады.
15 мамырда республикамыздың солтүстігінде, орталығы мен шығысында түнде топырақ бетінде жұқа мұз қатады, 1 градусқа дейін аяз күтіледі.
Республикамыздың кей аймақтарында желдің күшеюі, найзағайдың жарқылдауы, бұршақ түсуі мүмкін.