Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

0
980

Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде 13-орында.


Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

ERNUR.KZ. Қазақстандық кәсіпқой Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадені (28-0, 17 KO) жекпе-жекке шақырды, деп жазады 24.kz.

Қазақстандық боксшы жеңілмеген америкалықты Instagram желісінде белгілеп, жазба қалдырған.

«Сен ең мықтылармен немесе атақтылармен жұдырықтасқың келе ме? Орта салмақтағы мықтымен кездескің келсе, мен дайынмын. Әуесқойда 300 жекпе-жек өткіздім. Әлем және Азия чемпионымын. Енді менің рекордым – 7-0. WBO рейтингінде 13-орындамын. Мұның бәрін білесің. Әлемге нағыз боксты көрсетейік. Жанкүйерлер мұны көруге лайық», – дейді Әлімханұлы ағылшын тіліндегі жазбасында.