Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

0
1 026

Жәнібек кәсіби рингте сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, оның төртеуін нокаутпен аяқтады.


Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) Фреснода (АҚШ, Калифорния) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, канадалық боксшыны нокаутпен жеңді, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Он рауднқа жоспарланған титулды жекпе-жекте Әлімханұлының қарсыласы канадалық Альберт Онолунсе (24-2-1, 8 КО) болды. Бұл кездесу алтыншы раунда Жәнібектің жеңісімен аяқталды. Канадалық нокдаунға түсіп, жеңіс техникалық нокаутпен Жәнібекке берілген.

Осылайша Жәнібек кәсіби рингте сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, оның төртеуін нокаутпен аяқтады. Сондай-ақ орта салмақтағы өзінің WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды. Канадалық Онолоунсе мансабындағы үшінші жеңіліске тап болған.