"Жанымыз ашиды": Еріктілер жоғалып кеткен жүкті қыздың пәтерде болғанын хабарлады

0
857

19 жастағы студент үш күн бойы күйеуімен бірге Есіктегі жалдамалы пәтерде болған.


ERNUR.KZ. Алматы облысында жоғалып кеткен 19 жастағы жүкті келіншек табылды. Қызығы, ол ешқайда жоғалмаған болып шықты. Еріктілер оқиғаның мән-жайын түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Lider.kz еріктілері әлеуметтік желіде жас келіншектің ешқайда жоғалмағанын жеткізді.
Олардың айтуынша, 19 жастағы студент үш күн бойы күйеуімен бірге Есіктегі жалдамалы пәтерде болған.
Оған қоса, еріктілердің сөзінше, олар жүкті келіншекті іздеу барысында Алматының барлық ауруханаларын, перзентханаларын, автовокзал, Көк базар мен Арбатты тексеріп шыққан.
Сонымен қатар, жалға пәтер беретіндерден де сұрастырыпты. Алайда, Дананы ешкім көрмеген.
Еріктілердің мәліметінше, ол күйеуімен бірге Есіктен пәтер жалдап, үш күн бойы сол жерде болған.
Ерлі-зайыптылар қайда екенін ешбір туған-туысына айтпаған екен. Ғашықтардың бұл әрекетке баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
"Үш күн бойы өзін қоярға жер таппай, жаман жағдайды ойлаған бойжеткеннің туыстарына жанымыз ашиды. Ерлі-зайыптылар, тіпті біздің еріктіге қоңырау шалып, Дананың телефоны билинг бойынша Нұр-Сұлтанда екенін хабарлаған" , - деп жазды еріктілер.
Айта кетейік бұған дейін Алматы облысында 19 жастағы жүкті келіншектің жоғалып кеткені жөнінде жазған болатынбыз.