Жанжал болған: Алматылық әйел қыздары мен күйеуінің көзінше көлік астына түсіп кетті

0
414

Екі қызы бар ерлі-зайыпты қоғамдық көлік аялдамасында тұрған.


Жанжал болған: Алматылық әйел қыздары мен күйеуінің көзінше көлік астына түсіп кетті

ERNUR.KZ. Алматыда түн ортасында жолға жүгіріп шыққан әйелді көлік қағып кетті. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр, деп жазады Stan.kz.

Оқиға Рысқұлов даңғылы бойында түнде болған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екі қызы бар ерлі-зайыпты қоғамдық көлік аялдамасында тұрған. Бір сәтте азамат пен әйелдің арасында жанжал туындайды. Осыдан соң әйел әңгімені жалғастырмастан жан-жағына қарамай, жолға жүгіріп шыққан. Сол кезде оны Toyota Camry көлігі қағып кеткен.

Көлік жүргізушісі жолаушы аяқ астынан шығып қалғанда не істерін білмей қалған. Рөлді басқа жаққа бұрып көрген. Бірақ үлгермеген. Нәтижесінде әйел екі қызы мен күйеуінің көзінше көліктің астына түсті.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері зардап шегушіні тексеріп, шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаға жатқызды. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жағдайы өте ауыр.

Қазіргі уақытта Алматы полициясында жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.