Жапон императоры тағы бір қазақстандықты орденмен марапаттады

0
835

Бұған дейін Қазақстаннан 6 тұлғаға аталған орден берілген болатын.


Жапон императоры тағы бір қазақстандықты орденмен марапаттады

ERNUR.KZ. Жапония үкіметі 2019 жылдың күзінде император атынан орденмен марапатталатын шетелдік тұлғалардың тізімін жариялады, деп жазады baq.kz.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде тарих факультетінің профессоры, ҚР Ұлттық музейі директорының бұрынғы орынбасары Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы Қазақстан мен Жапония арасындағы ғылыми қатынасты тереңдеткені және өзара түсіністікке үлес қосқаны үшін "Алтын шуақ мойын лентасы, Күншығыс орденімен" марапатталды, - делінген хабарламада.

Жапония императорының атынан Жапония мен өзге мемлекетті түрлі салада қарым-қатынасын нығайтуға септігін тигізген шетел азаматтары марапатталады.

Бұған дейін Қазақстаннан 6 тұлғаға аталған орден берілді. Олардың қатарында Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербісәлі де бар. Ол Қазақстанда жапон тілін насихаттауға және Жапония мен Қазақстан арасында өзара ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқаны үшін марапатталды.