Жапонияда салмағы 258 грамм, тамыры инеден де жіңішке туған нәресте перзентханадан шығарылады

0
4 397

Бұл сәби ең аз салмақта өмірге келіп, адам болып кеткендердің ішіндегі ең кішісі.


Жапонияда салмағы 258 грамм, тамыры инеден де жіңішке туған нәресте перзентханадан шығарылады

ERNUR.KZ. Жапонияда 258 грамм болып туған шақалақ аман қалды. Оның тамырлары инеден де жіңішке болған, деп жазады Stan.kz.

Әлемде бойынша ең аз салмақпен өмірге келген сәби перзентханадан аман шығарылмақ.

Анасында жүктілік кезінде гипертония басталып, дәрігерлер оның құрсағының өзгеріске ұшырауынан қорыққан. 24 апталығында оған кесарь отасы жасалып, баланы өмірге әкелді.

Бұл сәби ең аз салмақта өмірге келіп, адам болып кеткендердің ішіндегі ең кішісі.

Анасының айтуынша, оған жақындаудың өзі қауіпті болған. Дәрігерлер де оған ине сала алмай әбігер болды. Шақалақтың тамырының жұқалығы инеден жіңішке еді.

Қазір баланың бойы 43 см, салмағы 3374 грамм. Сенбі күні перзентханадан шығарылады.