Жапониядағы дәмханаға клиенттері тамақ емес, ерекше дәретханасы үшін келеді (видео)

0
1 350

Дәмхана қызметкерлерінің сөзінше, клиенттердің кейбірі уақытының басым бөлігін тамақтанумен емес, дәретханада өткізеді.


Жапониядағы дәмханаға клиенттері тамақ емес, ерекше дәретханасы үшін келеді (видео)

ERNUR.KZ. Жапонияның Акаси қаласындағы дәмхана тамағымен емес, дәретханасымен танылған, деп жазады Stan.kz.

Оның ерекшелігі сонша, тіпті, ерлердің өзі әйелдерге арналған дәретхана кіріп көруді армандайды. Ал дәмхана қызметкерлері адам кезде кезде ерлерге дәретхананы көруге рұқсат береді екен.

Құны 93 млн теңгеден асады: Жапониядағы дәмханаға клиенттері тамақ емес, дәретхана үшін келуде

Hipopo Papa дәмханасындағы дәретхананың қабырғалары шыныдан жасалған. Ал дәретхананың сыртына экзотикалық балықтары бар үлкен аквариум қойылыпты. Бұл дәмхана 12 жылдан бері қаланың көрікті орындарының бірі ретінде саналып келеді.

Дәмхана иесі әйелдерге арналған дәретхананы ерекше етіп салу үшін 93 млн теңгеден аса ақша жұмсапты.

Дәмхана қызметкерлерінің сөзінше, клиенттердің кейбірі уақытының басым бөлігін тамақтанумен емес, дәретханада өткізеді.