Жаппай вакцинациялау тоқтатылады: Алматыда екпе салуға қатысты өзгеріс енгізілді

0
1 673

​Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы вакцина жетіспеуі мүмкін болғандықтан, осындай шешім қабылданғанын айтады.


Жаппай вакцинациялау тоқтатылады: Алматыда екпе салуға қатысты өзгеріс енгізілді

ERNUR.KZ. Алматыда екпе салдырғысы келгендердің бәрін жаппай вакцинациялау уақытша тоқтатылады. Ал осал топқа жататын пациенттер COVID-19-ға қарсы вакцинацияға шақырыла береді. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Оның сөзінше, медициналық мекемелер қоғамдық орындардың қатысуынсыз бір күнде 9 мыңнан 11 мыңға дейін вакцина еге алады. Егер сауда орындары осы процеске қатысса, вакцинациялау мүмкіндігі артады.

"Сондықтан соңғы екі күнде біз одан әрі қалай жұмыс істеуге болатындығын және вакцинация пункттерінің өткізу қабілетін дамыту мен оны қалай көбейту керектігін түсіндік. Қалай десек те, қала жаппай вакцинациялауға дайын. Ал жаппай вакцинацияның уақыты мен күні вакцинаны жеткізу кестесімен анықталады. Біз бұл туралы кейінірек хабарлаймыз", – деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, қазір қала билігі медициналық мекемелерінің вакцинацияға дайындығын 100% деңгейінде бағалайды. Емханалардан басқа Asia Park сауда, ойын-сауық орталығы мен Республика сарайында вакцинация пункттері жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Жақын уақытта Mega Almaty мен Mega Park сауда, ойын-сауық орталықтарын іске қосу жоспарланып отыр.

Табынбаев осы айда мегаполиске "Спутник V" бірінші компонентінің 250-300 мың дозасы жеткізілетінін атап өтті.


"Үш-төрт күннен кейін "Спутник V" жаңа партиясы келгеннен кейін жаппай вакцинациялау басталады. Сондықтан да, екпе салдырғысы келгендердің бәрін жаппай вакцинациялау уақытша тоқтатылады. Ал әлеуметтік санаттағы халықтың осал тобына жоспарлы вакцинация жалғасады. Дегенмен, егер вакцина қоры бар кейбір пунктерде көңілі қалағандарға кезек бойынша салына береді", – деді ол.


Айта кетейік, бүгінгі таңда Алматы қаласы денсаулық сақтау министрлігінен төрт траншпен 50 000 вакцина алды. Соңғы екі транш 34 900 дозаны құрады.

Ал жұма мен сенбіде 17 мыңнан астам адамға вакцина егілді.


"Жексенбіде тіркеуі бар немесе жоқ еріктілерге де вакцина егу жалғасын тапты", – деп толықтырды басқарма басшысы.


Жаппай вакцинациялау басталғанда қаланың барлық аудандары вакцинаны алуға бірдей қол жеткізеді. Болашақта тіркеудің бар-жоғына қарамай вакцинация орталықтары егу жұмыстарын жүргізе бастайды.