Жарты жылдың ішінде Қазақстанға 7000 жуық қандас көшіп келген

0
863

Статистикаға сүйенсек, шетелден елімізге 6796 адамнан тұратын 4244 отбасы көшіп келген.


Жарты жылдың ішінде Қазақстанға 7000 жуық қандас көшіп келген

ERNUR.KZ. Өткен алты айдың ішінде Қазақстанға 7000-ға жуық қандас көшіп келген, деп жазады holanews.kz.

Статистикаға сүйенсек, шетелден елімізге 6796 адамнан тұратын 4244 отбасы көшіп келген.

Елге оралғандардың көш басында Өзбекстан қазақтары тұр. Көршілес елден 2355 отбасы яғни, 3800 адам қоныс аударған. Екінші Қытайдан 1005 отбасы тарихи отандарына оралған. Белсенді елдердің үштігін Түрікменстан түйіндеп тұр. Бұл елден 532 адамнан тұратын 282 жанұя көш келген.

Сонымен қатар, Моңғолиядан 402 қазақ, Ресейден 145 қазақ, Ираннан 62 қазақ, Қырғыз Республикасынан 46 қазақ, Тәжікстаннан 11 қазақ, Түркиядан 3 қазақ, өзге де шет мемлекеттерден 239 қазақ Қазақстанға қоныс аударған.