Жарылыстар жалғасқандықтан өрт сөндіру жұмыстары тоқтап тұр - министр

0
1 214

Қоймаларда жарылыс фактілері тағы қайталануда.


Жарылыстар жалғасқандықтан өрт сөндіру жұмыстары тоқтап тұр - министр

ERNUR.KZ. Арыстағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Аталмыш факті бойынша «қоршаған ортаға қауіпті саналатын қаруларды, заттарды ұстау ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жүргізуде. Жұмыс жалғасуда. Осы уақытқа дейін қоймаларда жарылыс фактілері әлі де болып жатқандықтан, қоймадағы өртті сөндіру жұмысы тоқтап тұр», - деді Ерлан Тұрғымбаев бүгінгі Үкімет отырысындағы баяндамасында.