"Жас Қанат", "Азия дауысы" байқауларының негізін қалаушы Мұрат Ерғалиев қайтыс болды

0
1 454

Мұрат Ерғалиев 63 жаста болған.


Белгілі продюсер, "Жас Қанат", "Азия дауысы" байқауларының негізін қалаушы Мұрат Ерғалиев коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы композитор Төлеген Мұхамеджанов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Менің досым - біздің әндерімізді насихаттау үшін өмірін, күшін, энергиясын берген адам, талант өмірден озды. Жас кезінен бастап ол ерекше қиялымен және телеарнада түрлі қызықты бағдарлама, сондай-ақ "Азия дауысы", "Жас қанат" секілді үздік жобаларды, шетелдік әртістердің қазақтың әндерін орындайтын халықаралық конкурсы "Астана" және басқаларды ұйымдастырудағы айрықша шығармашыл жолымен есте қалды. Ал қаншама әртісімізге: Димаш Құдайберген, Медеу Орынбаев, Толқын Забированың шығармышылық тағдырына жол ашты", - деп жазды Мұхамеджанов.