Жастар арасында жұмыссыздық төмендеді – Серік Шәпкенов

0
610

Елдегі жұмыссыздық деңгейі – 4,9%.


Жастар арасында жұмыссыздық төмендеді – Серік Шәпкенов

ERNUR.KZ. Биыл жастар арасындағы жұмыссыздық 3,7% төмендеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2021 жылғы үшінші тоқсанда елдегі жұмыссыздық өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,9% төмендеді. Жастар арасындағы жұмыссыздық 4%-дан 3,7%-ға дейін азайды", - деді министр.

Оның айтуынша, биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары қазақстандықтардың еңбек құқығын қорғау бойынша жұмыстарды белсенді жүргізген.

"Нәтижесінде 23,1 мың жұмыскердің алдындағы жалақы бойынша берешек өтеліп, оларға 5,3 млрд теңге төленді", - деді Серік Шәпкенов.