Жастардың оқуына жылдық 2-3% жеңілдікпен несие беріледі

0
442

Бұл шаралар жоғары білімді қолжетімді етеді.


Жастардың оқуына жылдық 2-3% жеңілдікпен несие беріледі

иллюстрациялық фото

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында отандық жоғары оқу орындарының сапасы артқан сайын олардағы білімнің құны да өсетінін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Президенттің сөзінше, оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдікті несие берілмек.

"Сондықтан мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, ол ҰБТ нәтижелеріне және басқа да көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша – 30-дан 100 пайызға дейін сараланады. Сонымен қатар оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдікті несие берілмек. Бұл шаралар жоғары білімді қолжетімді етеді. Сонымен бірге қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын күшейтеді", - деді Мемлекет басшысы.