​Жат ағымның жетегіне еріп Сирияға кеткендер қалай құтқарылды?

0
1 505

Кейбір азаматтар бортқа жабық көздерімен, байлаулы қолдарымен кіргізілді.


​Жат ағымның жетегіне еріп Сирияға кеткендер қалай құтқарылды?

ERNUR.KZ. Сириядағы қазақстандықтарды құтқару операцияларының нәтижесінде 47 азамат, оның ішінде 30 бала құтқарылды. Осы орайда, Ақорда гуманитарлық операцияның қалай өткені туралы "Жусан" атты деректі фильмді ұсынды, деп жазады NUR.KZ.

Елбасының жеке тапсырмасымен ұйымдастырылған құтқару операциясы 5 қаңтар күні күндіз басталып, 6 қаңтар күні түнде аяқталды.

Сирияға ұшу Ақтау әуежайынан жүргізілді.

Ұшақ борты бірінші қажетті заттармен және балалардың тамағымен толтырылды.

Эвакуациядан кейін барлық балаларға тамақ беріліп, қолайлы жағдай жасалды.

Кейбір азаматтар бортқа жабық көздерімен, байлаулы қолдарымен кіргізілді.

Қазақстан президенті отанына оралған қазақстандықтарға міндетті түрде медициналық көмек көрсетілетінін айтты.