Жатахана өртеніп шет елдік азамат қаза тапты

0
1 112

Тілсіз жауды ауыздықтауға астаналық өрт сөндіру қызметінің 19 қызметкері және 5 арнайы техникасы жұмылдырылды


Жатахана өртеніп шет елдік азамат қаза тапты

ERNUR.KZ. Түнгі сағат 02:50-де Байқоңыр ауданы Алаш тас жолында орналасқан жатақхана етіп жабдықталған контейнерлердің бірі өртке оранды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жалын шарпыған аумақ - 150 шаршы метр. Мұнда 25 адам тұрып жатқан. Олардың барлығы - қоқыс өңдеу зауытының жұмысшылары.

Өрт таңғы сағат 04:27-де ауыздықталып, 05:04-те толық сөндірілді. Оқиға орнынан бір жұмысшының денесі табылды. Ол 1990 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға астаналық өрт сөндіру қызметінің 19 қызметкері және 5 арнайы техникасы жұмылдырылды.