Жаттықтырушыларға Олимпиададан соң шара қолданамыз – Серік Сәпиев

0
243

Токиодағы ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары Қазақстанның оң жамбасына келмей тұр.


Жаттықтырушыларға Олимпиададан соң шара қолданамыз – Серік Сәпиев

ERNUR.KZ. Қазақ елі жанкүйерлерінің салын суға кетіріп жатқан Токио Олимпиадасынан кейін кімге, қандай шара қолданылуы мүмкін? Бұл туралы спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев мәлімдеді деп жазады inbusiness.kz.

Жасыратыны жоқ, жанкүйерлер кімді кінәларын білмей жатыр. Бірі сүреңсіз ойын өрнегіне жаттықтырушылар жауапты десе, екіншісі, спортшылар сылбыр дегенді алға тартуда. Қалай болғанда да, Токиодағы ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары Қазақстанның оң жамбасына келмей тұр.

«Біз әр ойыннан кейін министрлікпен, федерациялармен және Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, сараптама жасаймыз. Қате-кемшілікті анықтап, нақты шешім қабылдаймыз. Жаттықтырушыларға Олимпиададан соң шара қолданамыз», – деді Серік Сәпиев.