Жазадан құтылмақ болған азамат есірткіні жұтып жіберді

0
1 068

Ұсталған азамат аудандық полиция бөліміне тапсырылды.


Жазадан құтылмақ болған азамат есірткіні жұтып жіберді

ERNUR.KZ. Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек-авто» бөлімшесінде «Кольт» атты есірткі іздеуге арнайы үйретілген иттің көмегімен жолаушылар терминалындағы жүргіншілер арасынан Өзбекстанға қарай жаяу өтіп бара жатқан 36 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды, деп жазады BAQ.KZ.

«Ит оның маңынан айналшықтап кетпей, екі аяғының ортасына (бұтына) қарай қайта-қайта ұмсына берді. Шекарашылар әлгі адамды тексеру бөлмесіне қарай апара берген кезде, ол жылдам қимылмен шалбарының ауынан түйіншек алып шығып, жұтып жіберді», - делінген ҚР ҰҚК-ның баспасөз хабарламасында.

Ұсталған азамат аудандық полиция бөліміне тапсырылды.