Жазушының суретін пайдаланып, жарнама жасаған дәмхана көпшіліктің сынына қалды

0
827

Артық қыламын деп тыртық қылды.


Жазушының суретін пайдаланып, жарнама жасаған дәмхана көпшіліктің сынына қалды

ERNUR.KZ. Танымал әдебиет сыншысы, жазушы, драматург Ғабит Мүсіреповтің суретін жарнамалағандар көпшіліктің сынына қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыдағы тамақтану орны әлеуметтік желіде жазушының суретін пайдаланып, оған алжапқыш тағып қойған. Осы жарнама арқылы дәмханаға адам көп келеді деп ойласа керек, керісінше, желі қолданушыларының ашуын туғызды. Ал, дәмхана әкімшілігінің айтуынша, бұл қызметкеріміздің байқаусызда жасаған әрекеті деп ақталды. Ол үшін көпшіліктен кешірім сұрап, өз парақшаларынан суретті алып тастапты.


«Біз бұлай желіде шу болып кетеді деп ойлаған жоқпыз. Ешкімді ренжітетін де ойымыз болған емес. Бір қызметкеріміз суретті жариялап жіберген. Басшылық тарап оны байқамай қалдық. Қазір бәрін қалыпқа келтірдік. Суретті парақшамыздан алып тастадық», – деді дәмхана әкімшісі Ольга.