Жедел жәрдем бригадаларының жарысы өтті

0
2 257

Бұл туралы стансаның Facebook парақшасында хабарланды


Жедел жәрдем бригадаларының жарысы өтті

ERNUR.KZ. Астана әкімдігінің қалалық жедел медициналық жәрдем стансасында үздік жедел жәрдем бригадасын анықтау үшін жарыс өтті. Бұл туралы стансаның Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Дәстүрге айналған жарысқа мамандар жіті қызығушылық танытып келеді. Жарыс жедел медициналық жәрдем қызметтерінің төтенше жағдайлардан, жол апаттарынан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге дайындығын арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

«Жарыс бағдарламасында қатысушылар «анафилактикалық шок кезінде шұғыл жәрдем», «жаңа туған нәрестенің жанын сақтап қалу», «зардап шегуші көп жарақат алған кездегі шұғыл жәрдем», «өткір қан тамыры синдромы кезіндегі жәрдем» секілді ситуациялық тапсырмаларды орындады. «Оқиға орындарында» манекендер және стандартталған науқастар қолданылды», - делінген хабарламада.

Жарысқа қатысушылардың білімдерін, жылдамдығы және жұмыс ұйымшылдығын құзыретті қазылар алқасы бағалап отырды. Жарыста Сарыарқа шағын стансасының бригадасы жеңіске жетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.