​Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған адам ұсталды

0
1 039

Шабуыл жасаған ер адам белгісіз химиялық затты, болжаммен газ баллонын пайдаланған


​Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған адам ұсталды
ERNUR.KZ. Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған адам ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жетісу аудандық полиция басқармасы осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.

"Күдікті ұсталды. Жедел жәрдем бригадасының жүргізушісінің айтуынша, шабуыл жасаған ер адам белгісіз химиялық затты, болжаммен газ баллонын пайдаланған", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән жайын толық айқындау үшін кешенді шаралар жүргізіліп жатқаны айтылады. Осыған дейін, Алматыда жедел жәрдем жүргізушісінің бетіне оқ атылғаны туралы хабарланды.

Алматыда "103" Қызметінің 7/31 жедел жәрдем бригадасының мамандары көмек көрсету кезінде шабуыл жасалған. 11 желтоқсанда "103" пультіне хабар түсті. Фельдшер науқасты үйде қарап жатқан уақытта жедел жәрдем жүргізушісі көлікте отырған. Фельдшер науқаспен бірге арнайы көлікке келгенде жүргізушіге алғашқы көмек көрсеткен. Қажетті көмек көрсеткеннен кейін қосымша тағы "103" пультіне хабарласып, екі бригада жіберуін сұраған. Ведомстводағылар шабуыл жасаған ер адам мен куәгер жүргізушіге көмек көрсетпегенін айтады.

"Жүргізуші оның газдалған тапанша еместігі туралы мәлімдеді", - деді басқармадағылар.