Жээнбеков, Рахмон және Мирзиеев Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

0
967

Қырғызстан,Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің президенттері Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.


Жээнбеков, Рахмон және Мирзиеев Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

ERNUR.KZ. Президент сайлауындағы жеңісімен Қасым –Жомарт Тоқаевты Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев құттықтады, деп жазады elitar.kz.

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Тараптар екі ел халықтарының тату көршілік пен достығына негізделген қазақ-қырғыз қарым-қатынастарын одан әрі нығайту ниетін барын айтты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбаттасушыға жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бауырлас елдердің ынтымақтастығын жан-жақты және қарқынды ілгерілетудегі саясатын жалғастыруға бағытталғанын атап өтті. Мемлекет басшылары ағымдағы жылдың 14-15 сәуірінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыру қазақ-өзбек қарым-қатынастарын дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшылары Қазақстан-тәжік стратегиялық әріптестігінің одан әрі қарқынды дамуына сенім білдірді. Тараптар сондай-ақ алдағы кездесулердің кестесін талқылады.