Жеке куәлікте донорлыққа келісім туралы мәлімет пайда болуы мүмкін

0
1 223

Әрбір адам көзі тірі кезінде донор атануға келісімін берсе, онда қайтыс болған жағдайда дәрігерлерге марқұмның туыстарынын рұқсат сұраудың қажеті жоқ.


Жеке куәлікте донорлыққа келісім туралы мәлімет пайда болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстандықтардың жеке куәліктерінде донорлыққа келісімі туралы мәлімет пайда болуы мүмкін. Бұл туралы трансплантология бойынша республикалық үйлестіру орталығының жетекшісі, академик Жақсылық Досқалиевке хабарлады, деп жазады elitar.

«Қазір (Қазақстанда – ред.) Денсаулық кодексі әзірленуде. Трансплантологияға қатысты барлық өзгерісті біз қазіргі қолданыстағы, 2008 жылғы кодекске енгіздік. Уақыт өтуде, біз оңтайландыруымыз тиіс талаптар бар: трансплантология бойынша халықаралық әріптестіктер, нақты айтқанда, ағза мүшелерін алмастыру. Мысалы, Ресейге қажет емес, ал Қазақстанға қажет сирек топ болуы мүмкін. Қазір Балтық жағалауындағы барлық елде «Балттрнас» кодексі бар. Бұл бағдарлама бойынша үш республика өзара ағза мүшелерін алмастыра алады. Сол секілді «Евротранс» бар. Осы мәселелердің барлығын біз енгіздік, себебі болашақта қажет. Өзімізге қатысты бөлімге, сондай-ақ, азаматтың жеке куәлігіне донорлыққа қатысты (келісетіні немесе келіспейтіні туралы) мәліметті енгізуге қатысты өзгерістер енгіздік», - дейді Жақсылық Досқалиев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда заң бойынша адам донор болуға келісімін беру-бермеуін өзі анықтай алады. Егер ол көзі тірі кезінде донор атануға келісімін берсе, онда қайтыс болған жағдайда дәрігерлерге марқұмның туыстарының рұқсатын сұраудың қажеті жоқ.
Бүгінде eGov порталында әр қазақстандық қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беруинемесе бермеу туралы көрсете алады. Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, соңғы уақытта Қазақстанда ағза мүшелері мен тінді трансплантация жасау қарқынды дамуда. Ағза мүшелері қазіргі таңда тек ірі қалаларда ғана емес, аймақтарда да алмастырылуда.
«Бүйрек алмастыру отасы еліміздің алты аймағында жасалады: Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Өскемен, Алматы және Астана қалалары. Сонымен қатар Ақтөбе, Шымкент, Алматы және Астана қалаларында бауырды алмастыруға болады. 2012 жылдан бергі аз уақыттың ішінде бұл сала қарқынды дамып келеді. Қазақстан үшін бұл – жетістік. Трансплантология дамыса, елімізде медициналық туризм дамиды. Бізге науқастар Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Румыниядан, Израильден келеді. Шымкент немесе Тараз секілді өңірлерге де алыс шетелдерден науқастар келуде, олар тіпті өздерінің донорларымен келеді. Бұл – біздің хирургтарымыздың жетістігі жоғары деген сөз. Әрине, баға да рөл ойнайды. Себебі бізді ағза мүшелерін алмастыру бағасы сол елдермен салыстырғанда біршама төмен. Бұл Қазақстандағы трансплантология дамуының жақсы көрсеткіші», - дейді белгілі хирург.
Трансплантологиядағы ең басты проблема – бұл донорлық мүшелердің жетіспеуі. 5-6 жыл ішінде 2700-ге жуық қазақстандық бүйрек алмастырудың кезегінде тұр. Олар – бағдарлама бойынша үнемі арнайы аппараттан гемодиализ алатын науқастар. Қазақстанда мәйіттен ағза мүшесін алмастыруға рұқсат берілген. Бірақ, өкінішке қарай, миы тоқтаған деген диагноз қойылған 100 науқастың тек 30 пайызының ғана мүшелері алмастыруға жарамды.
Қазіргі таңда Қазақстанда еңбекке қабілетті 2700-ге жуық адам бүйрек алмастыру, 1700 адам бауыр алмастыру кезегінде тұр. Көбісі кезегі жетпей, дүние салады. 150-ге жуық науқастың жүрегін алмастыру қажет. Олардың арасында жүрегін сөмкеде немесе рюкзакта алып жүретіндер де бар. Яғни, жасанды мүшелер. Ал 50-ге жуық адам өкпе алмастыруды қажет етеді.