Жекеменшік клиникалар лицензиясы жоқ шетелдік дәрігерлерді жұмысқа шақырған

0
1 008

Департамент мамандары қаладағы дәл осындай бірқатар атағы дардай медициналық ұйымдарға тексеру жүргізіп, олардың бәрінен түрлі құқық бұзушылықтарын анықтаған.


Жекеменшік клиникалар лицензиясы жоқ шетелдік дәрігерлерді жұмысқа шақырған

ERNUR.KZ. Алматыдағы 10-нан астам жеке клиниканың не лицензиясы, не сертификаты жоқ. Қаладағы бірқатар медициналық ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізген Сапаны бақылау және тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары осылай деп мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz.

Мысалы, "Московский центр клеточных технологий" ЖШС-нің лицензиясы жоқтығымен қатар, клиникада Ресей азаматтары сертификатсыз қызмет көрсеткен. Тағы бір қытайлық медицина орталығы басшысының жоғары білімі туралы дипломы болмай шыққан. Korea Vision Almaty мекемесінде жүрек ауруының дәрігері мен гастроэнтеролог маман лицензиясыз жұмыс істеген.

Департамент мамандары қаладағы дәл осындай бірқатар атағы дардай медициналық ұйымдарға тексеру жүргізіп, олардың бәрінен түрлі құқық бұзушылықтарын анықтаған. Жеке клиникалардағы шетелдік дәрігерлер жасайтын отаның бағасы – 15 мыңнан 85 мың долларға дейін жетіп жығылады. Қазақстанда мемлекеттік қызметтер аясында мұндай қызметтер тегін көрсетілетініне қарамастан, алматылықтар лицензиясы жоқ жеке клиникаларға жүгіруге бейім дейді мамандар.