Желіде алматылық полиция қызметкерлері көз жұмған жол апатының видеосы пайда болды

0
863

Видеода жол апаты орнынан түсірілген суреттер жүктелген.


Желіде алматылық полиция қызметкерлері көз жұмған жол апатының видеосы пайда болды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде жол-көлік апаты болған блоек-бекетте түсірілген видеолар пайда болды, оның салдарынан екі полиция қызметкері қайтыс болды, деп жазады zakon.kz.

Жол апаты 25 мамырда таңертең № 4 блоек-бекетте болған. БМВ-дің мас жүргізушісі алдымен бетон қоршауға соқтығысып, содан кейін ұшып, полиция көлігін соққан. Онда екі полиция қызметкері отырған. 42 жастағы полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев оқиға орнында қайтыс болды. Оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Абдықанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.