​Желіде Apple гаджеттерін жөндеу құпиялары пайда болды (видео)

0
1 075

Интернетте Apple компаниясының құрылғыларын өздігінен жөндеу видео-нұсқаулық пайда болды.


​Желіде Apple гаджеттерін жөндеу құпиялары пайда болды (видео)

ERNUR.KZ.Интернетте Apple компаниясының құрылғыларын өздігінен жөндеу видео-нұсқаулық пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.


Роликті YouTube желісінің Арман Хаджи есімді қолданушысы жариялады. Видеода iPhone смартфондарының сыртқы корпусын қалай ашу керектігі, аккумулятор мен дисплейді қалай ауыстыру керектігі түсіндіріледі. Сондай-ақ, MacBook және iMac Pro компьютерлерінің тетіктерін қалай жөндеу керектігі айтылады.

Негізінде бұл ролик Apple қызметкерлері үшін арналған. Екі дереккөз Motherboard басылымына жазбаның түпнұсқа екенін растады.

Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. Желіде компанияның техникаларын жөндеуге арналған 11 видео тараған. Хаджидің айтуынша, ол видеоларды кездейсоқ Twitter желісінен тапқан. Барлық видео әлеуметтік желіден өшірілген, алайда Хаджи олардан бұрын сақтап алып, өз каналында жариялаған.