Желіде ауылды аралап жүрген арыстанның видеосы тарады

0
1 180

Жыртқыш аңның аймаққа қайдан келгені белгісіз.


Желіде ауылды аралап жүрген арыстанның видеосы тарады

ERNUR.KZ. Жергілікті полицияның кезекші бөліміне қала маңындағы Ақшұқыр ауылында арыстан жүргені туралы хабар келіп түсті. Қазіргі кезде жыртқыш аңды мамандар торға қамады, деп жазады sputniknews.kz.

Полицияның кезекші бөліміне Ақшұқыр ауылында арыстан жүргені туралы хабар 25 маусым күні шамамен 05:30-да түскен.


"Хабар түскен бойда полиция департаментінің басшылығы мен жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері, табиғат қорғау инспекторлары және патрульдік полиция батальонының өкілдері оқиға орнына келді. Қазіргі кезде арыстан дін аман және ол арнайы торға қамалды. Жыртқыш аңның аймаққа қайдан келгені анықталу үстінде", - делінген хабарламада.