Желіде автобустың артына мініп алған ер адамның видеосы тарады

0
808

Алматы полициясы ер адамды жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін хабарлады.


Желіде автобустың артына мініп алған ер адамның видеосы тарады

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде автобустың артына мініп алған ер адамның видеосы тарап жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz.

Instagram әлеуметтік желісінде екі видео тарады.

"Қараңыздаршы, бір жігіт автобусқа жабысып алған. Бізге қол бұлғап жатыр, - дейді видео авторы.




Алматы полициясы мұндай әрекеттің қауіпті екенін және ер адамды жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін хабарлады.

"Автобустың артындағы жолаушының әрекеті, бұл, әрине, өрескел ережебұзушылық. Бұл өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп. Және жолдағы басқа адамдарға қауіп төндіреді. Мұндай жағдайларға жол берілмейді және ол жауапкершілікке тартылады", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.