Желіде кішкентай баланы ұрған дәрігердің видеосы пайда болды (видео)

0
1 752

Аталған оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.


Желіде кішкентай баланы ұрған дәрігердің видеосы пайда болды (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желі пайдаланушылары 1 қарашада тіс емдеу орталығында орын алған оқиғаны қызу талқылап жатыр. Дәрігердің кішкентай баланы жұлқылап ұрғаны камераға түсіп қалған. Тісін емдетемін деп үлкен кісіден таяқ жеген баланың видеосы қазақстандықтарды бейжай қалдырмады, деп жазады Stan.kz.

Әйел екі баласымен бірге тіс емдейтін дәрігерге келген. Видео кадрларынан басында әйелдің баланы креслоға жатқызуға тырысқанын, сосын кішкентайымен бірге сыртқа шығып кеткенін көруге болады.

Анасы кетіп қалған соң, бала жабырқап қалады. Оның қылықтарына шыдамаған дәрігер науқасты көтеріп алып креслоға лақтырады. Кішкентай ұл қорқып кетіп, одан бетер шу шығара түсті. Сол кезде ер кісі қолына бір затты алып, сонымен ұратынын айтады. Дәрігер баланы қорқытып, ұрып жатқанда жанында екі әйел болды. Бірде-біреуі оны тоқтатып, баланы қорғауға тырыспады.


Кішкентай науқастың қай тісі ауыратынын анықтай алмаған ер кісі оны сыртқа алып шығады. Туысқандардың айтуы бойынша, бала бөлменің ішінде болған сұмдықты сол кезде-ақ айтып берген.

Маңғыстаудағы полиция департаменті "ИнАқтау" басылымына баланың анасы дәрігердің үстінен сол күні-ақ арыз жазғанын айтты.

"Арыз ақпараттарды тіркейтін кітапқа тіркелді. Тексеріс жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады басқарма қызметкерлері.

Кейбір деректер бойынша, бала ДЦП-мен ауырады.