Желіде Сабина Алтынбекованың тойында түсірілген видео жарияланды

0
2 021

Видеодан актер, КВН ойыншысы Дәурен Айдарқұловты, әнші Нұрболат Абдулинді де көруге болады.


Желіде Сабина Алтынбекованың тойында түсірілген видео жарияланды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова мен Саят Салманұлының тойында түсірілген видео жарияланды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Кадрдан той тортын кесіп жатқан жас жұбайларды көруге болады. Кейін Алтынбекова десертті күйеу баланың анасына ұсынады. Тойға жиналған қонақтар фото және видео түсіріп жатыр. Видеодан актер, КВН ойыншысы Дәурен Айдарқұловты, әнші Нұрболат Абдулинді де көруге болады.

Тойдың қайда өткені белгісіз, тек мекеме қызметкерлері маска тағып жүр.

БАҚ әлемдегі ең әдемі волейболшы деп атайтын Сабина Алтынбекова мен Саят Салманұлы жақында неке қиды. Спортшының күйеуі туралы мәлімет көп емес. Ол 1988 жылдың 30 шілдесінде туған. Продюсер ретінде "Круиз" кинокомедияның жұмысына қатысқан.

Instagram желісінде 24 мың оқырманы бар еді, бірақ ол неке қиғаннан кейін парақшасын өшіріп тастады.