Желіде жаңа туған ақбөкендердің суреті жарияланды

0
2 271

Ақбөкендердің төлдеу мезгілі басталды


Желіде жаңа туған ақбөкендердің суреті жарияланды

ERNUR.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет ақбөкендердің төлдеу мезгілі басталғандығын хабарлап, жаңа туған лақтардың суретін жариялады, деп жазады sn.kz.

«Қазақстанда ақбөкендердің төлдеу мезгілі басталды. Табиғаттың тамаша мезгілі мамыр айының соңына дейін жалғасады. Біздің Батыс Қазақстан облысы аймақтық инспекциясының қызметкері Арман Ізімғалиев ақбөкендердің фельдшері сияқты тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Әріптестеріме сәттілік тілеймін!», – деп жазды ол әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Желі қолданушылары лақтардың сүйкімділігіне тамсанып, қуаныштары мен сүйіспеншіліктерін білдіріп жатыр.