Желідегілерді Қордай жолында кезіккен "мақұлықтың" видеосы шошытты

0
830

Видео авторы Қордай асуында белгісіз жануарды (мақұлықты) қағып кетіп, жол апаты болғанын айтады.


Желідегілерді Қордай жолында кезіккен

ERNUR.KZ. Қордай өңірінде кезіккен "мақұлықтың" видеосы желідегілерді шошытты, деп жазады zakon.kz.

Видео авторы Қордай асуында белгісіз жануарды (мақұлықты) қағып кетіп, жол апаты болғанын айтады.

Жамбыл полициясының қызметкерлері тексеру кезінде видеоның шындыққа сәйкес келмейтінін анықтады.

Бұл видео 2020 жылы АҚШ-та түсірілген. Онда америкалық автор Джозеф-Роб Кобаскидің 3D мүсіні бейнеленген.

Жамбыл облысының полиция департаменті қасақана жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылатанын еске салады.