Жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлерінің моншадағы видеосына қатысты түсініктеме берді

0
776

Қызметтік тергеу басталды.


Жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлерінің моншадағы видеосына қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Өткен демалыс күндері интернетте төтенше жағдай кезінде моншада ұсталған ер адамдардың видео пайда болды. Видео авторының айтуынша, бұлар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері көрінеді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы видеоға қатысты түсініктеме берді, деп жазады zakon.kz.

"Аталған факті бойынша департамент қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу басталды, оның нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады", деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі.

18 сәуірде сағат 22.30 шамасында Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Көкшетау қаласындағы рейдтік іс-шаралар кезінде "Избушка" моншасы кешенінің иесі төтенше жағдай режимін бұзғанын анықтады. Белгіленген шектеу шаралары мен кешкі сағат 9-дан кейін азаматтардың үйлерінен тыс жерлерде болуына тыйым салынғанына қарамастан, тексеру кезінде ғимаратта төрт адам болған.

Төтенше жағдайды бұзғаны үшін "Избушка" монша кешенінің 30 жастағы иесі, сондай-ақ тапсырыс берушілер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары КРКОАП-ның 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.