Жеңіл көлік локомотивпен соқтығысып, жас жігіт көз жұмды

0
1 008

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр


Жеңіл көлік локомотивпен соқтығысып, жас жігіт көз жұмды

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Оралда жеңіл автокөлік локомотивпен соқтығысып, жас жігіт көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін түнде "Променад" сауда үйі маңында орын алды. "ВАЗ-2114" автокөлігі бірнеше жүк вагонымен кетіп бара жатқан локомотивпен соқтығысқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге хабар оқиға болған Сырым Датұлы мен И.Ларин көшелерінің қиылысынан сағат 03.30-да түскен.

Жедел жәрдем көлігі алты минуттан кейін жеткенімен, 26 жастағы жігіт оқиға орнында мерт болды. Ашық бас-ми жарақатын алған 25 жасар жігіт қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.