Жеңілдетілген автокредит қарашадан бастап қайта беріле бастайды

0
392

Осы уақытқа дейін 13,5 мыңнан астам кредит мақұлданып, 11 мыңнан астам автокөлік берілген.


Жеңілдетілген автокредит қарашадан бастап қайта беріле бастайды

ERNUR.KZ. Жеңілдетілген автокредит қарашадан бастап қайта беріле бастайды. Бұл туралы "Индустриялық даму қорының" өкілдері мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Жеңілдетілген автонесиелерді өтеу аясында енгізілген қаражат жинақталып, қараша айынан бастап жылдық 4% қайтадан кредит түрінде беріледі. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының Х форумында "Индустриялық даму қоры" төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров мәлімдеді.
Осы уақытқа дейін 13,5 мыңнан астам кредит мақұлданып, 11 мыңнан астам автокөлік берілген.
"Айналмалы қорлар түсе бастады. Менің ойымша, айналым қаражаты қайтадан бағдарламаға енгізіліп, қаржыландыру қарашаның бірінші жартысында ашылады деп ойлаймын. Қараша айынан бастап жыл сайын 2000 көлік болады", – деді Р. Ғаппаров.