«Жеңіс монетасын жаса!» ашық конкурсы жарияланды

0
1 588

Қортындысы желтоқсанда жарияланады.


«Жеңіс монетасын жаса!» ашық конкурсы жарияланды

ERNUR.KZ. 2020 жылы бүкіл ел үшін маңызды және айтулы мерейтойлық күн – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы атап өтіледі. Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өту шеңберінде 2019 жылғы 11 қарашадан бастап Қазақстан азаматтарының арасында «Жеңіске 75 жыл!» тақырыбына монеталардың үздік бейнеленуіне арналған ашық конкурс жариялайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Конкурстың негізгі мақсаты – дарынды азаматтарды анықтау және көтермелеу, суретшілерге өз шығармашылық әлеуетін ашу мүмкіндігін беру және Жеңіс күні мерекесінің бірегей пайымдауын ұсыну.

Байқау материалдары 11 – 25 қараша аралығында қабылданады. Бір автордан бір ғана жұмыс қабылданады. Қорытындысы желтоқсанда жарияланады.

Конкурстық жұмыстарды Қазақстан Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаментіне «Жеңіс монетасын жаса!» белгісімен 050040, Алматы қ., Көктем-3, 21-үй мекенжайы бойынша жіберіледі. Сондай-ақ, жұмыстарды masheyeva.a@nationalbank.kz электронды адресіне жіберуге болады.

Конкурс тәртібі мен талаптары Конкурс туралы ережеде сипатталған және Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсындағы «Хабарландыру» бөлімінде орналастырылған.