Жеңіс парады: Тоқаев қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті

0
727

Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр.


Жеңіс парады: Тоқаев қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті

ERNUR.KZ. Қазақстанның әскерилері Жеңістің 75 жылдығына арналған парадта Қызыл алаңмен жүріп өтті, деп жазады Sputnik Қазақстан.


Әскерилердің мерекелік топтары алфавит тәртібімен өтті. Үндістаннан кейін Қазақстанның 36-шы десанттық-шабуылдаушы бригаданың әскерилері Қызыл алаңмен жүріп өтті. Оларды бригада командирі, подполковник Ұлан Нұрғазиев бастап шықты. Ал диктор қазақстандық әскерилерді "Республиканың Қарулы Күштерінің үздік құрылымы" деп таныстырды.
Мерекелік топ Қызыл алаңмен жүріп өткенде мінберде отырған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрып, қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті.
Айта кетейік, Қазақстанның қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары Жеңіс парадына алдын ала барған. Оларды Құрлықтағы әскерлердің бас қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары, генерал-майор Дәулет Оспанов бастап барды. Мәскеуге шығардың алдында барлығы карантинде отырып шықты.
Салтанатты шараға Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев та қатысып отыр. Оған ресейлік әріптесі Сергей Шойгу арнайы шақыру жіберген. Ал Қазақстан президентін Ресей басшысының шақыруымен барды.