Жеңіс Ысқақова ажыратып жүр: Желіде танымал әншілер қатысқан төбелестің видеосы тарады

0
4 932

Бұл хайп па?


Жеңіс Ысқақова ажыратып жүр: Желіде танымал әншілер қатысқан төбелестің видеосы тарады

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде қазақcтандық әншілер қатысқан жаппай төбелес тарап, көпшіліктің талқысына түсуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Instagram-дағы zin_qazaq парақшасында жарияланған видео бірден оқырмандардың талқысына түсті. "Жұлдыздар арасындағы жаппай төбелес" деген атпен тараған видеода мерекелік кештің ортасында жаппай төбелестің орын алғанын байқауға болады.

Желі оқырмандарының мәліметінше, жаға жыртысқандардың арасында қазақ эстрадасының танымал әншісі Жеңіс Ысқақова мен "Азия" тобының әншісі Ринат Баситов бар. Кадрдан төбелескендерді Жеңіс Ысқақованың жалғыз өзі ажыратын жүргенін байқуға болады.

Орын алған жағдайға қатысты аты аталған өнер иелерінің жеке парақшаларында ешқандай ақпарат жоқ.

Ал әлеуметтік желінің белсенді қолданушылары карантин талабын сақтамай, той үстінде бір біріне жұдырық ала жүгіргендерді жерден алып, жерге салуда.





"Хайп шығары?", "Жұлдыз көріп тұрған жоқпын", "Не деген масқара", "Адамдар жауыз болып барады", "Бұл бірінші бөлім, ертең екінші бөлімінде әнілеріміз кешірім сұрайды", "Осылардың төбелесі біте ме, өзі?!", "Карантин талаптарын неге сақтамайды", деп жазды оқырмандар.


Пікір білдіргендердің арасында жанжалды "жаңа жылдық қойылым", "пранк", "хайп", "қара пиар", "киноның түсірілімі" дегендер де болды.

Әзірге жаппай төбелестің қай жерде өткені, оның қалай аяқталғаны белгісіз.