Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді

0
2 526

Құжатта комиссияның жалпы ережелері, міндеттері, комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі мен құрамы бекітілген.


Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеу үшін жер реформасы бойынша Комиссия құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы» 19.03.2021 жылғы «№ 62-ө» өкімге қол қойды.

Құжатта комиссияның жалпы ережелері, міндеттері, комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі мен құрамы бекітілген.

Келісім бойынша комиссия құрамына Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев, сондай-ақ Сенат депутаттары кірді:

Әли Бектаев,
Мұхтар Құл-Мұхаммед,
Мұрат Бақтиярұлы,
Ақылбек Күрішбаев,
Ерік Сұлтанов.

Мәжіліс депутаттары Комиссия құрамына:

Александр Конуров,
Асқарбек Үйсімбаев,
Бекболат Тілеуханов,
Сарымсақ-Бұрыш,
Берик Абдигалиулы,
Бақытбек Смағұл,
Жанарбек Әшімжанов кірді.

Толық тізіммен мына жерде танысуға болады.