"Жер шетелдіктерге сатылмайды" - Қасым-Жомарт Тоқаев

0
1 786

Бүгін Президент жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай жастарымен кездесуі

фото: Берік Уәлидің парақшасынан

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жердің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Ақорда Баспасөз қызметінің хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

“Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретіндегі берік ұстанымым!”
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында шаруа қожалықтары басшыларымен болған кездесуде осылай мәлімдеді",
- деп жазды ол.

Айта кетейік, бүгін Президент жұмыс сапарымен Қостанай облысына барған болатын.